"Іздеу" шарасының аясында полиция қылмыскер деп танылған 348 күдіктіні ұстады

С.Күсетовтың хабарлауынша, ұсталғандар арасында кісі өлтірген күдікті деп танылған 8, қыз зорлаған 12, тонаушылық жасаған 24, қарақшылық шабуыл жасаған 15 адам бар.

Департамент төрағасы 2005-жылдың басынан бері халықаралық іздеуде 119 адам болғанын, олардың 19-ын тұтқындауға санкция берілгенін хабарлады. Ал былтырғы жылдың басында 165 адам халықаралық іздеуде болған.
Сонымен бірге ҚР ІІМ қылмыс жасаған күдікті және хабар-ошарсыз кеткен 58 адамға Интерпол арқылы халықаралық іздеу жариялауға материалдар дайындады.