Іздеуде болған: Павлодарда ер адам ата-анасына басқа пәтерге көшкенін ескертпеген

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл мамырдың басында ер адамның ата-анасы полицияға ұлын тауып беру туралы өтініш жазған. 

"Оны тәртіп сақшылары еріктілермен бірге іздестірді. Ұлы ата-анасының үйінен кетіп, өз бетінше өмір сүруге бел байлаған. Қаладан пәтер жалдап, бұл туралы ата-анасын ескертуді ұмытып кеткен, - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, биыл полиция департаментіне хабар-ошарсыз кеткен адамдарды анықтауғ бойынша 36 өтініш  түскен.  Олардың 25-і табылыпған, қазіргі уақытта 9 адам іздестіріліп жатыр.