Іздеуде жүрген Тәжікстаннан келген есірткі тасымалдаушы Теміртауда ұсталды

"Тәжікстан аумағында есірткі тасымалдағандығы үшін айыпталған жігітті полиция қызметкерлері Теміртауда өткен жексенбіде базардан ұстап алған. Ол әшкереленетіндігін күтпегендіктен қарсылық көрсеткен", деп хабарлады дүйсенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жанатай Сембеков.

Ұсталған жігіт изоляторда, оны Тәжікстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.