Израиль әскері Палестинадағы бейбіт халықты қырып жатыр


Тель-Авив ХАМАС-тың радикалды топтары қаруын тастамайынша, әскери операциясын әлі де тоқтатпайтынын мәлімдеуде. Қазір Газа аймағына оқ әуеден, жерден тіпті, теңізден де жауып жатыр. Әскерилер бейбіт халық шоғырланған аудандарды да нысанға алған. Халықаралық қауымдастық тараптарды татуластыруға күш салып жатқанымен, әзірге нәтижесіз. Арағайындық ете келгендердің басында тіпті Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мунның өзі жүр.