Израиль ғалымдары Марсқа қонуға дайындалуда


Израильдік ғалымдар Марс бетіндегі экологиялық модельдеу мен тіршілікке қатысты төрт күндік тәжірибені аяқтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Life.ru сайтына сілтеме жасап.

Зерттеуге қатысушылар адамзаттың Марстағы болашақ миссиясына байланысты әртүрлі саланы тестілеуден өткізген. Олар байланыс жүйелерін тестілеу, ұзақ оқшауланудың психологиялық зардаптары, радиациялық фонды өлшеу және топырақта өмір сүрудің белгілерін іздестіру жұмыстарын жүргізді.