Израиль ХАМАС-пен Доха келісіміне қол қойғанын растады

ВВС-дің жазуынша, Премьер-министр Нетаньяху кеңсесінің хабарлауынша, Израиль үкіметі келісімді талқылап, оны сенбіден ерте емес бекіте алады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Нетаньяху кеңсесі бұған дейін ХАМАС соңғы сәтте бірқатар келісімдерден бас тартып, келісімге жаңа тармақтар енгізуге тырысқаны себебімен Израиль үкіметі ХАМАС-пен атысты тоқтату келісімін мақұлдау үшін дауыс бере алмайтынын мәлімдеді. 

Израильдің рұқсатынсыз келісім күшіне енбейді. Премьер жұма күні келісім бойынша дауыс беру үшін әскери кабинетін жинайды.

Дегенмен, ХАМАС-пен келісімді үкіметтің толық құрамы мақұлдауы керек, ал Нетаньяхудың баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар сенбі кешінен ерте кездесе алмайды. 

“Мәмілеге қарсылық білдіргендерге Жоғарғы сотқа өтініш жазу үшін 24 сағат уақыт беру керек, ал жұма күнгі күндізгі сессиядан кейін олардың уақыты жетпейді, өйткені көпшілігі діндар және шаббат сақтайды”, - деп келтірді Times of Israel Нетаньяху баспасөз қызметінің түсініктемесін.