Израиль киносыншылары қазақ киносына жоғары баға берді

Израиль киносыншыларының айтуынша, қазақ ұлттық кинематографының бұл табысы - Посткеңестік мәдениеттің басты бір соны жаңалығы болмақ.

ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, Израиль елінде қазақ киносының тұсаукесерін өткізу үшін Сергей Әзімов басқарған танымал кинорежиссерлар мен "Қазақфильм" ҰК өкілдері барды. Қазақ киносының күндері аясында еліміз өкілдері Израиль кинематографистері, мәдениет және өнер қайраткерлері мен кинокөрермендерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Қазақстандық кинотүсірушілер Израиль көрермендеріне таныстыру үшін түрлі бағыттағы 6 фильм әкелді. Соның ішінде режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың Семей ядролық полигонының маңында тұрған адамдардың тағдыры туралы "Ләйләнің мінажаты" атты фильмінің тұсаукесері өтті.