Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Келісім аясында Хамас кепілге алынған 50 әйел мен баланы, ал Израиль 150 палестиналық тұтқынды (негізінен әйелдер мен балалар) босатады.
haaretz.com сайтының жазуынша Израиль шенеунігі босатылады деп күтілген 50 адам Израиль азаматы немесе қос азаматтығы бар Израиль азаматтары болады және шетелдік азаматтар бұл алмасуға қатыспайды деп мәлімдеді. Сонымен қатар, Израиль күніне 300 гуманитарлық жүк көлігіне Египетпен шекарадағы"Рафах" өткелі арқылы Газаға кіруге рұқсат береді.
Егер екі тарап тұтқындар мен кепілге алынғандарды айырбастауға ұқсас 3:1 қатынасына келіссе, үзіліс белгісіз уақытқа ұзартылуы мүмкін.
Сонымен қатар, тараптар Израиль авиациясының елдің оңтүстік бөлігінде төрт күнге, ал солтүстік бөлігінде сағат 10:00-ден 16.00-ге дейін алты сағатқа ұшуды толық тоқтату туралы келісімге келгені қосылды.