Израиль президенті Н. Назарбаевты Астана мерейтойымен құттықтады

"Тарихтың білгірі ретінде айтарым, қаланы жаулап алғанға қарағанда, салып алған жақсы. Сіз қаланы салған кезде ешкімге де зияныңызды тигізбейсіз. Мұнда қан жоқ, жасампаздық бар. Ауру жоқ, үміт бар. Өткен жоқ, болашақ бар", - деп мәлімдеді Ш. Перес үндеуінде.

Израиль көшбасшысының пайымдауынша, Астана көптеген инвестиция тартқан және халықаралық назарды өзіне аударған болашақтың қаласы. "Аз ғана уақыттың ішінде қала халқының саны 700 мың адамға жетті. Сіз елдің шетінде емес, кіндігінде Астана іргесін қалау арқылы Қазақстанның демографиялық тепе-теңдігін өзгерттіңіз", - деді Ш. Перес.