Израиль қарсыластарымен бейбіт келісім жасауға әзір


Тіпі Израиль Газа секторымен арадағы бейбіт жағдайды біраз уақытқа созуға да келісіп отыр. Естеріңізге салсақ, талайдан бері жауға айналған қос тарап арасында өткен айдың соңында тағы да шиеленіс туып, 4 аптаға созылған соғыстан 1600-ден аса палестиналық қаза тапқан еді. Ажал құшқандардың арасында жас балалар көп. Үздіксіз соққыдан тіпті Израиль де біраз әскерінен айырылды. Тек осы аптада Біріккен Ұлттар ұйымының ықпалымен 72 сағаттық тыныштық орнаған болатын. Сөйтіп, екіжақты бірнеше келіссөздер жүргізілді. Бірақ әзірге қандай шешімнің қабылданары белгісіз.