Израиль қорғаныс армиясының операциясынан екі мыңнан астам палестиндік құрбан болды - Газа

Бұл туралы жексенбі күні палестиндік анклав денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Ашраф әл-Кедра мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы бес аптада Израиль қарулы күштердің бомбалауы салдарынан 2 мың 16 палестин азаматы құрбан болған. Олардың арасында 541 бала, 250 әйел, 95 қария бар. Он мыңнан астам азамат жарақат алған.

Израиль қорғаныс армиясы 8 шілде күні ХАМАС содырларына қарсы операция бастаған болатын.