Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың жаңа түрінің алғашқы дерегі Африкадағы Малави елінен оралған адамда анықталғанын хабарлады. Министрліктің мәлімдемесінде шетелден оралған тағы екі адам коронавирустың осы түрінің тасымалдаушысы болуы мүмкін делінген. Билік олар карантинде екенін айтты. Жұқтырғандар толығымен екпе алғаны анықталды.
"Қазір төтенше жағдайдың алдында тұрмыз", - деді Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет.
Сайттың мәліметінше, ел билігі жұқтырғандардың кіммен байланысуы мүмкін екенін білу үшін эпидемиологиялық тергеуді бастаған.
Ұлыбритания мен Израиль жаңа COVID-19 штамына байланысты халықаралық рейстерді шектеді. Израиль билігі Оңтүстік Африка ғалымдарының COVID-19 жаңа дерегі табуына сілтеме жасай отырып, өз азаматтарына Африканың оңтүстігіне сапарларға тыйым салатынын және осы аймақтан келген шетелдіктердің кіруіне тыйым салатынын мәлімдеді.
Бір күн бұрын ДДҰ COVID-19 жаңа штамына байланысты шұғыл жиналыс өткізді. Дереккөздер бойынша, ұйым сарапшылары B. 1.1.529 SARS-CoV-2 "алаңдаушылық тудыра ма" немесе "қызығушылық тудыра ма" деген сұрақты талқылайды.