Израильде Қазақстанның 101 азаматы сайлауға қатысты

18 тамыз күні жергілікті уақытпен сағат 07.00-де Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі елшілігінде парламент мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 131 сайлау учаскесі ашылды.

"Жергілікті уақытпен 18.00 сағаттағы жағдаймен тізімге енгізілген сайлаушылар толық дауыс берді. Әсіресе Израиль ауруханалары мен жоғары оқу орындарында кәсіби шыңдаудан өтіп жатқан дәрігерлер мен мейірбикелер белсенділік танытты", деп хабарлайды елшілік.

Дауыс беруге, сондай-ақ, Израиль еліне емделуге немесе демалуға келген Қазақстан азаматтары мен елшілік қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері де қатысты.

"Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, елшілікте мерекелік дастархан жайылды",- деп хабарлайды ақпарат көзі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті