Израильдің "MAD Corporation" компаниясы Солтүстік Қазақстан облысында бройлерлік құс фабрикасының құрылысын салуда

"Ағымдағы жылдың желтоқсан айында фабрика өзінің бірінші өнімін шығарады. Бірінші кезеңде жылына 3 мың тоннаға жуық кұс етін өндіру жоспарланған. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң кәсіпорынның қуаты жылына 17 мың тонна өнімге жетеді. Біз сапалы еуропалық және американдық жабдықтарды әкеліп, мамандарды дайындаймыз, жаңа фабрикада 700 жуық жұмыс орны құрылады", - деді "MAD Corporation" инженер-технологы Рами Гамзо.