Израильдің сауда-өнеркәсіптік палатасы мен "Алгоритм" техносаябағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды



Израильдің сауда-өнеркәсіптік палатасының бас директоры Михаэль Ройдың айтуынша, бұл келісім "Израиль жағына Орталық Азия елдерінің нарығына шығауға жол ашады". Сонымен бірге Қазақтандағы тұрақты ахуал бизнесті өркендетуге мүмкіндік беріп отыр.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әлібек Сыдықовтың пікірінше, құжатқа қол қою арқылы Қазақстан жағының инновациялық инфрақұрылымды дамыту, ғылыми-өндірістік ұйымдармен байланыс орнату, жоғары технологиялық өнімдер шығару және ғылыми сыйымдылығы жоғары технологиялар құру бағытындағы Израиль тәжірибесін пайдалану мүмкіндіктері артады.
Бұл келісім сонымен қатар Қазақстанның батыс аймақтарына Израильдің қуатты инжинирингтік құрылымдары мен озық технологияларын әкелуге тың серпін береді, деді Ә.Сыдықов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті