"Ертеден келе жатқан "Известия" газеті Белоруссияда, Қазақстан мен Қырғызстанда, Тәжікстан мен Өзбекстанда танымал және ерекше беделге ие, ол қауымдастық елдеріндегі өмірді айқындауға белсенді атсалыса алады. Сондықтан да тараптар газет бетінде ай сайын "ЕурАзЭҚ елдерінде" атты айдардың жарық көруі туралы келісім- шарт жасады, бұл оқырмандардың қалаулысы болатындығы сөзсіз",- деп хабарлады ЕурАзЭҚ баспасөз қызметінен.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жаңа бастаманың мақсаты "ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердегі халықтың қоғамдастық елдерінің арасында болып жатқан интеграциялық процесстер туралы, экономикалық серіктестіктердің келешегі мен нақты мысалдары туралы хабардар болу" жүйесін жақсартудан тұрады.
Баспасөз қызмерінің ақпараттарына сүйенсек, кездесу барысында Т. Мансұров В. Мамонтовқа үстіміздегі жылдың 6-қазанында ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің отырыста мемлекет басшыларының қойған міндеттерін жүзеге асыруға қатысты қоғамдастыққа мүше елдерде жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы хабарлады. Ең алдымен, Кеден одағын құру туралы, сонымен қатар Қоғамдастықтың барлық органдары мен құрылымдарының жұмыстарын пәрмендендіру, олардың іс-қызметінің нәтижелілігін көтеруге қатысты іс-шаралар туралы сөз қозғалды.