Әнші бағдарлама көрерменмен қауышатын ұлттық арнаға да тиісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әнші бұл туралы желідегі парақшасында айтты.
""ДИНАРАША АЙТСАМ, “Я В ШОКЕ!..”
@kainarolzhaev аға, сәлеметсіз бе! Дәл осы тектес ойдың орысша нұсқасын инстаграммдағы парақшама Динара Адам өз атынан жазып еді. Сіздің мына жазбаны оқып, “қайрааан, Қайнар аға”, - деп отырмын. Ұлттық арнаға құрметімнің суымауына Сіздің де үлес бар еді. Ал, мейманханаға қатысты әңгіме “Дайрабайдың көк сиырындай” ғана нәрсе тұғын. Оны Сіздер оқыған әдебиет терминдерімен сөйлетсек, сюжеттік талдаудың шарықтау шегі Сіз ойыңыздың астында қолдап отырған Динаражанның “иди на х*р”,- деген сөзі болып, шешімі менің Үндеуім болған. Сонда деймін да, Қайнар Олжайдың өзі Ұлттық арнаның жобаларын жасап жүрген жауапты адамның қатысушыға осылай сөйлегенін дұрыс көріп тұр ғой, иә?.. Сонда енді менің бұған өкпелейтін ретім жоқ қой, иә?
Айналдым, қайран Қайнар аға! Мен білсем, Сіздің сөз өмірінде бір рет Қазақша ойлап, Қазақтың бір жылы сөзін басы бүтін айта алмайтын адамның арыз-өтінішінен қымбат тұруы керек еді. Сіздің ақыл сайттардың сілтемесін санауға емес, “Қазақстанда “Екі жұлдыз”, “Егіз лебіз”, “Жұлдызды жұп” сияқты ортаңғал жобаларға режиссерлік ететін адам жоқтықтан Ресейдің, Украинның мамандарына бәлен сом төлеп, алдырып жүрміз”,-деп жүрген өтініш-өтілшілерге жұмсалуы керек еді. Қайтейін, қайран Қайнар аға! Қайран, Аға…
Мен өнерде 30 жылдан бері келе жатқан адаммын ғой. Мұндай өнердің түрлі-түрлісін көргем!.. Онан да халық пікірінен қорытынды шығаруға кіріссеңіздерші!
Кешеден бері Ұлттық арнаның ұлт ұстынынан алыстап бара жатқанына алаңдап, ой-пікір айтып отырған біз ақымақ екенбіз, ағайын!.. Өкінішті", - деп жазды әнші.