Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: suntravel.uz
Министр Аралдың құрғаған бөлігінде алдағы екі жылда миллионнан астам көшет отырғызып, көгалдандыруды жоспарлап отыр.
Ведомствода Аралды көгалдандырудың екі әдісі қарастырылды. Бірі – тұқым егу, екіншісі – көшет отырғызу. Алайда Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, көшет отырғызу әлдеқайда тиімді.
“Теңіздің құрғауынан пайда болған тұзды шаң-тозаң бүкіл облыстың ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізетіні белгілі. Сондықтан түбін өсімдіктермен жабу маңызды. Бұл тұздың таралуын азайтады”, – деді министр.
Бұған дейін министр Ерлан Нысанбаев қоқысты бөлек жинауға көп шығын кететінін айтқан еді.