Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Инфляцияны 9-11%-ға дейін, орташа 10%-ға дейін төмендету үшін шаралар қабылданады.
— Азық-түлік тауарларының отандық өндірісін ұлғайтуға және ішкі нарықты молықтыруға, тауар нарықтарында теңгерімсіздіктерді болдырмауға, өнімді тиімді сақтау және тасымалдау бойынша инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылатын болады, — деді С. Жұманғарин бүгінгі Үкімет отырысында.
Сонымен бірге, осы жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 19-дан 31-ге дейін кеңейтілді.
— Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтердің өсуінен инфляцияға әсер инфляцияның нысаналы параметрлеріне байланысты шектелетін болады, — деп толықтырды министр.