"Экономиканы қарқынды дамыту үшін тек мемлекеттік қаржысына сүйену жеткіліксіз" - Мемлекет басшысы

"Ұлттық қорды ең алдымен мемлекет мүддесі үшін, яғни еліміздің стартегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдалану қажет. Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеу керек. Ұлттық қор ұзақ мерзімге арналған макроэкономикалық тұратқылықты қамтамасыз ететін аса маңызды құрал. Сондықтан оны тиімді басқару керек. Экономиканы қарқынды дамыту үшін тек мемлекет қаржысына сүйену жеткіліксіз екені анық. Жеке инвестициялар тарту арқылы іскерлік белсенділіктің артуына қолайлы жағдай жасаған жөн. Ол үшін ең алдымен салық саясаты тұрақты болуға тиіс. Сол кезде бизнес те сапалы дамуға ынталы болады және жауапкершілікпен істейді", - деді президент.