Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа нормалар не үшін қажет, нақты не өзгереді және бұрынғы қандай ережелер сақталады? BAQ.KZ тілшісі зерттеп көрді.
Электросамокат ресми көлік құралына айналады
Ең басты жаңалық – электросамокаттар заң жүзінде көлік құралы ретінде танылады. Бұған дейін олар «жеке қозғалыс құралы» ретінде қарастырылып, құқықтық тұрғыда нақты мәртебесі болмаған еді. Енді самокат жүргізушілеріне ортақ талаптар қойылады.
Бұл өзгеріс жауапкершілікті күшейтуді көздейді. Яғни самокат тізгіндеген адам жол қозғалысының толыққанды қатысушысы саналады.
Жүргізушіге қойылатын талаптар
1 шілдеден бастап электросамокатты 16 жасқа толған азаматтар ғана пайдалана алады. Сонымен қатар:
Бұл талаптар әсіресе жалға берілетін кикшеринг қызметіне қатысты бақылауды күшейтеді.
Қай жерде жүруге болады?
Жаңа ережеге сәйкес, электросамокаттардың қозғалыс аумағы нақты айқындалады. Егер веложолақ болса – міндетті түрде сол жермен жүру керек. Веложолақ жоқ жағдайда – жолдың оң жақ жиегімен немесе арнайы бөлінген жолақпен қозғалу рұқсат етіледі. Ескеретін жайт, жаяу жүргіншілер жолымен тек жылдамдықты шектей отырып жүруге болады.
Ал мектеп, аурухана, саябақ сияқты адам көп шоғырланған аймақтарда жылдамдық барынша төмендетілуі тиіс.
Жылдамдық пен қауіпсіздік
Электросамокаттың ең жоғары рұқсат етілген жылдамдығы -25 км/сағ. Бұл шектен асу әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.
Сонымен қатар түнгі уақытта:
Айыппұл мен жауапкершілік
Жаңа тәртіпке сәйкес, электросамокат жүргізушілеріне де әкімшілік айыппұлдар қарастырылған. Атап айтқанда:
Айыппұл көлемі бұзушылықтың сипатына қарай белгіленеді. Бұл тәртіпті күшейтудің басты тетігі.
Не өзгермейді?
Сонымен қатар кейбір бұрынғы нормалар сақталады:
Яғни мемлекет электросамокатты толықтай автокөлікпен теңестірмей, ортақ тәртіп орнатуға басымдық беріп отыр.
Неге бұл өзгерістер қажет?
Ресми деректерге сүйенсек, ірі қалаларда электросамокаттардың қатысуымен болған оқиғалар саны жыл сайын артып келеді. Көп жағдайда жаяу жүргіншілер зардап шегеді. Мысалы, Алматы қаласының өзінде 2025 жылы электросамокаттардың қатысуымен 386 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 400-ден астам адам жарақат алған.
Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін самокат жүргізушілеріне қатысты 24 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылып, 10 мыңнан аса электросамокат арнайы тұрақтарға қойылған. Бұл көрсеткіштер мәселенің ел көлемінде өзектілігі артып келе жатқанын аңғартады.
Сондықтан жаңа ережелердің басты мақсаты – қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ортақ мәдениетті қалыптастыру.