Энергетика министрі: Жанармай бағасы күрт қымбаттамайды

Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2025 жылғы 22 қазанда Мәжіліс кулуарында айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Журналистер министрден жанармай бағасын көтеруге салынған мораторий алынып тасталғаннан кейін "серіппе әсері" байқалып, бағаның күрт өсіп кету қаупі бар ма деп сұрады.

"Қазақстан – әлеуметтік бағыттағы мемлекет. Біз мұндай күрт баға өсуіне жол бермейміз, өйткені ол қарапайым халықтың өміріне тікелей әсер етеді. Барлығы бақылауда болады", – деді Ерлан Ақкенженов.

Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елдегі бензин бағасын көтеруге енгізілген мораторийдің қанша уақытқа созылатынын түсіндірген болатын.