JICA Маңғыстау облысының аймақтық кешендік дамуының бас жоспарын жасау үшін зерттеу жұмыстарына 280 млн. иен жұмсайды

Қ.Көшербаев атап өткендей, Маңғыстау облысын, Ақтау қаласын қоса алғанда, аймақтық кешенді дамуының бас жоспары өнеркәсіп және әлеуметтік салаларды дамыту, іскерлік белсенділікті арттыру, аймақтағы жұмыс орнын ұлғайту үшін жасалуда.

Сонымен қатар, облыс басшысы, JICA сарапшылары қазақстандық мамандарды оқыту бағдарламасын ұйымдастыру мәселелерін жобаны басқару, зерттеу және мониторинг жүргізудегі ықпалдастық ретінде қарастырса деген ниет білдірді. Келісімде көрсетілгендей, "Бұл аймақтық жоспарлау және өнеркәсіп дамуының технологиялары мен ноу-хауды жауапты ұйымдар мен мамандарға тапсыру үшін қажет".

Зерттеу барысында облыстың барлық аумағы қамтылады деген жоспар бар. Ақтау мен Жаңаөзен қалаларына және жақын орналасқан аудандарға басты назар аударылады. Облыстың жоспарына сәйкес, аймақта өнеркәсіпті, туризм, теңіз порттарын, әуежайларды дамыту көзделген, сонымен қатар "Ақтау-сити" жаңа қала құрылысы мен Халықаралық Каспий универститетін салу жоспарланып отыр.

Құжатқа сәйкес зерттеу шаралары 2015 жылға дейін жалғасады, бұл ҚР аумақтық дамуының мақсатты мерзімдік стратегиясына сәйкес келеді. JICA мамандары аймақтың қазіргі жағдайына шолу жүргізіп, сараптама жасайды: жағрафиялық және табиғи жағдайына, экономикалық және әкімшілік қайта құру нәтижесіне, мемлекеттік және облыстық жоспар мен даму бағдарламасына, экономикалық және әлеуметтік даму барысына, инфрақұрылымның дамуына, қоршаған орта ахуалына, Ақтау қаласының дамуына, ұлттық және облыс деңгейінде жүргізіліп жатқан халықаралық ынтымақтастыққа.

Олар әуелі іскерлік қабілетті арттыруға байланысты институтционалды мәселелерді, өнеркәсіп саласын әртараптандыруға байланысты өндірістік, нарықтық проблемаларды, еңбекпен қамту мен кәсіпкерлікпен байланысты адами ресурстар мәселелерін; инфрақұрылымның қоршаған ортаның келешегі мен жағдайын, Ақтау қаласын дамыту келешегін қарастыруы тиіс.

JICA өкілдерінің айтуынша, агенттіктің өз мойнына алып отырған зерттеу жұмыстарына жұмсалатын шығын көлемі шамамен 280 млн. иенді құрайды, бұл АҚШ долларына шаққанда 2,3 млн.$ болады (1$ бағамы -120 жапон иені ). Бұл сома Жапония үкіметінің дамытуға көмек бағдарламасы мен Жапонияның қаржы саясатына және JICA бюджетіне байланысты өзгеруі мүмкін.

Келісімде көрсетілгендей , әкімшілік ҚР үкіметіне 2007 жылдың шілде айына қарай "Маңғыстау облысының даму стратегиясын" және 2008 жылдың ақпан айына дейін "Ақтау қаласының даму стратегиясын" ұсынуы тиіс. Осыған байланысты JICA тарапынан тиісті мерзімде әкімдікке ұсыныс- кеңес материалдары ұсынылады.

Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі -дамып келе жатқан елдерге олардың өз күштерімен тұрақты ілгерілеуге қол жеткізу үшін адами ресурстар мен ұлттық құрылысты дамыту ісінде ықпалдастық көрсететін ұйым.

JICA 1974 жылы Дамуға ресми көмек (ДРК) бағдарламасын атқарушы ретінде құрылған. Ұйымның бас кеңсесі Токиода орналасқан. Сонымен қатар, Жапонияда

он тоғыз халықаралық JICA оқу орталығы жұмыс істейді. Және дүниежүзінде 56 шетелдік өкілдігі бар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті