Йемен астанасында тағы да жарылыс болды


Алдын ала мәлімет бойынша, жарылғыш зат мешіт жанына қойылған көліктердің бірінде орнатылған болуы мүмкін. Оқиға туралы нақты ақпарат әзірге жоқ. Қаза тапқандар мен жапа шеккендер туралы да мәлімет жария етілмеген. 
Осыдан бірнеше күн бұрын әскери госпитальда жарылыс болған. Оны «ИМ» содырлары ұйымдастырғанын мойындады. 
БҰҰ мәліметі бойынша, Йемен халқының 80 пайызы көмекке әсіресе, азық-түлік өнімдеріне мұқтаж.