Йемен азамат соғысының алдында тұр


Осымен бесінші күн қатарынан жалғасып жатқан соғыстан 40 адам қаза тапқан. Соңғы қақтығыстар ел астанасы Сананың солтүстік аудандарында жүріп жатыр. Бұл жерде генерал Мохсен Салех әл-Ахмар бастаған оппозициялық күштер әскери нысандар мен әуежайды басып алуға әрекет жасаған. Аудандағы атыс-шабыс кезінде қару қоймаларының бірі жарылып, 28 адам мерт болды. Қарулы қақтығыстардың салдарынан қаладан бейбіт тұрғындар қашып жатыр.