Йемен азамат соғысының алдында тұр

Таяуда Йемен астанасы Санадағы атыста 40 адам қаза тапқаны туралы хабарланды. Әл-Ахмардың жауынгерлері президентке адал берілген әскерлерге қарсы жаңа шабуылдар жасауды бастап, өткен аптада бірнеше мемлекеттік мекемені, оның ішінде қауіпсіздік күштерінің штаб-пәтерін басып алған болатын.

Таиз және Зинжибар қалаларында да қарулы қақтығыстар болды. Онда да құрбан болғандар бар.

Қарсы күресіп жатқан тараптар жеңіл қарудан бөлек ірі калибрлі пулеметтер мен граната атқыштар қолдануда.

Йеменде ақпанда басталған жаппай халық толқуларынан қазірдің өзінде жүздеген адам қаза тапты.