Йеменде 1200 адам түрмеден қашып кетті

Қылмыскерлер қашып шығар алдында Таиз қаласындағы түрме маңында қарулы қақтығыс болған. «Рейтер» агенттігінің елдегі қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, түрме маңындағы ұрыста «Аль-Каида» мүшелері шабуыл жасаған.