Йеменде қауіпсіздік күштерімен болған қақтығыста 20 демонстрант қаза тапты

Британдық Би-би-си телерадиокорпорациясының хабарлауынша, олардың бәрі де демонстранттар көрінеді.

Соңғы айларда Йеменде жаппай наразылық шаралары өткізіліп келеді. Демонстранттар ел президенті Әли Абдалла Салехтен қызметтен кетуді талап етуде.