Одақтастар хусит бүлікшілеріне қарсы операциясын былтырдан бері жалғастырып келеді. Тіпті, соңғы кездері аймақта әуе соққылары көптеп жасалуда. Сондай шабуылдардың бірінде, бомба ел астанасы Санадағы зағиптарға арналған орталыққа түскен. Зымыран жарықшақтары Иран елшілінің кеңсесіне де тиген көрінеді. Күзетшілер жарақат алды деген ақпарат бар. Айта кетсек, Сауд Арабиясы бірқатар елдердің қолдауымен хусит жасақтарына қарсы күресін 2014 жылдың тамызынан бастаған болатын. Содан бері, 3 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тауып, 5 мыңнан астамы ауыр жарақаттанған.
Loading...