Бірнеше сағат бұрын ең соңғы болып Йемендегі консулдықта тіркеуде тұрған Гүлмира Саханова құтқарылды. Енді бірер күнде жерлестеріміз Қазақстанға оралуы тиіс. Бұл адамдар бірнеше жыл бұрын жұмыс істеуге осы араб түбегіне қоныс аударған екен. Жалпы Ресейдің төтенше жағдайлар қызметіне тиеселі ұшақ, Йеменнен 60-қа Украина, Беларусь, Армения, Молдова, Сирия, Өзбекстан азаматтарын алып шыққан. Ал Йемендегі үкімет әскері мен шиіт-хуситтер арасындағы қайта басталған қарулы қақтығыс тоқтар емес. Президентті қуып, тақты күшпен тартып алмақ болмақ болған бүлікшілерді жаншу үшін Сауд Арабиясы бастаған коалиция күштері әуеден соққы жасап жатыр. Қақтығыс кезінде 500-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапқан.
Loading...