Йеменнен қауіпсіз жерге шығарылған Қазақстан азаматтары мінген тағы бір ұшақ Мәскеу маңына қонды

Ил-62 ұшағымен Мәскеуге келген 150 адамның ішінде Қазақстаннан өзге, Ресей, Қырғызстан, Молдавия, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Йемен елдерінің азаматтары бар.

РФ СІМ-інде оларды шетелдік мемлекеттер өкілдері күтіп отыр, ал өз сапарын әрі қарай жалғастыратындар Мәскеу әуежайына жеткізілмек.