Юлия Путинцева WTA 500 турнирінің екінші кезеңіне өте алмады

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Катерина Синяковадан (№34 WTA, Чехия) 0:6, 5:7 есебімен ұтылды.

Кездесу 1 сағат 30 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Юлия екі рет эйс жасап, бес рет қос қателік жіберіп, үш брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Синякова келесі айналымда америкалық Даниэль Коллинзмен (№12 WTA) ойнайды.