«Juste Debout» жеңімпазы франциялық Salas Астанада өтетін халықаралық көше билерінің фестиваліне қатысады

Мерекелік шараға «Не все сказано» және «Triple-N» топтары да атсалыспақ. Шақырылған әділқазылардың арасында house Babson (Франция), hip-hop: Salas (Франция), waacking: Weon G (Корея), show: Free Boogie (АҚШ), рopping: Slim Boogie (АҚШ), show: Michael DUO Terrel (АҚШ) сынды әлемге танымал өнер шеберлері бар.

Елорда тұрғындары мен қонақтары көше билеріне, өзіндік ерекшеліктері бар бишілердің өнеріне тәнті болады. Ал, өзінің шеберлігін көрсетемін деушілердің бәріне есік айқара ашық.