К. Мәсімов: атом энергетика саласындағы отандық ғылыми зерттеулермен таныс болды

Үкімет басшысының Дисциплинаралық ғылыми-зерттеу кешеніне сапары кешегі Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарының жалғасы болды, ШҚО-да К.Мәсімов ҚР Ұлттық ядролық орталығының нысандарын аралаған болатын.

Үкімет басшысына кешеннің негізі - 2006 жылы пайдалануға берілген ДЦ-60 ауыр иондарды үдеткіш құрылғысы таныстырылды.

ҚР Ұлттық ядролық орталықтың Бас директоры Қайрат Қадыржановтың айтуынша, радиациялық және ядролық технологияларды дайындау мен енгізу шаралары, фундаменталды зерттеулер мен өзіміздің мамандарды даярлау ісі қарқынды жүргізіліп жатыр.

Кездесу соңында Үкімет басшысы жаңа материалдар және технологиялар, электронды микроскоп зертханасының жұмысымен таныс болды.