«Кеше біз Қарағанды облысында түйнеме мәселесі бойынша кеңес өткізген болатынбыз. Ауру малдардың өлексесі көмілген жерлерді күзету бақылаудан шығып бара жатыр. Осы реттегі жұмыстарды тыңғылықты пысықтау керек және бұл бағытта тиісті тапсырма бердім. Асқар Исабекұлы, осы жұмыстарды үйлестіру әкімдермен бірге сізге жүктеледі. Үкіметтің келесі отырысында осы мәселеден бастаймыз»,-деді К. Мәсімов вице-премьер-ҚР Ауыл шаруашылығы министріне қаратып айтқан сөзінде.
Оның сөзіне қарағанда, еліміздің аумағындағы мал өлекселері көмілген орындардың нақты картасы көрсетілуі тиіс.
«Олардың барлығы сенімді түрде күзетілуі керек. Атап айтқанда, бұл жұмыстарға қаржы бөлінген болатын. Осы ретте бұл қаржының қайда жұмсалғанын, сондай-ақ бұл шараларға бағытталған қаржының игерілуіне әрбір облыстар бойынша кімдер жеке жауап беретінін қарау қажет»,-деді Үкімет басшысы.