К. Суда: Қазақстанның тұғырдан секірушілер біздің деңгейімізге жетіп қалды-

Оның пікірінше, қазақстандық секірушілер жарыс алдындағы толқуларын жеңе алып, жапондықтарға лайықты бәсекелес екендіктерін көрсете алды. «Бүгінде біздің секірушілерді халық жақсы біледі. Аз уақыттың ішінде бұл спорт түрі елімізде танымал бола бастады. Оны бүгін трамплин кешеніне көп жиналған жанкүйерлер санынан-ақ байқауға болады. Бізді бүгін әсіресе, трибуна халыққа толы болғандығы қатты қуантты»,-деді ол.

Павел Новиков сонымен қатар кеше Шаңғымен тұғырдан секіретін халықаралық кешенде маңызды сынақ болғандығын айтты. «Кешенді Жак Роггенің өзі қарап, аралап шықты. Ол кешеннің деңгейіне өте жоғары баға беріп, Қазақстан керемет спорттық нысандарға ие ел, енді мұнда барлық деңгейдегі халықаралық жарыстарды өткізуге болады деп атап өтті. Бұл орайда осы кешенде биылғы жылдың 30 тамызында шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогы кезеңі өтетінін хабарлағым келеді», -деді Павел Новиков.

Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Қайрат Бекеновтың айтуынша, біздің спортшылар әлдемдегі ең мықты Жапония командасымен лайықты бәсекеге түсті. «Барлық тұғырдан секірістер жақсы орындалды, әрине аздаған техникалық қателіктер болды. Дегенмен, мен шәкірттерімнің өнеріне ризамын»,-деді ол.

Мәслихатта Жапония құрамасының жаттықтырушысы Кенджу Суда қазақстандық спортшыларға лайықты өнер көрсеткендері үшін алғысын білдіріп: «Бәсекедегі тартыс жарыстың деңгейіне сай болды. Қазақстан құрамасы көз алдымызда өсіп жатыр. Осыдан бес жыл бұрын сіздердің секірушілеріңіз мықты болмап еді. Қазір біздің деңгейімізге жетіп қалды, «өкшемізді басуда» десем болады»,-деп атап өтті. Ол сонымен қатар: «Біз бүгін тағы да бұл нысанның техникалық жарақтандырылуы халықаралық талаптарға жауап беретіндігіне көзіміз жетті»,- деді.


ҚР Шаңғымен тұғырдан секіру федерациясының президенті Андрей Вервейкин ауа райының өзгеруіне байланысты бағдарламаға өзгерістер енгізілгенін айтты. «Екіншіден, спортшылардың қауіпсіздігі үшін 4 ақпан өтуі тиіс болған 125 метрлік секіруден командалық жарыс бүгінге ауыстырылды. Бұл өзгеріс техникалық дирекцияның шешімімен бүгінге қойылды»,-деді ол.