Қабатовтың әйелі Қайрат Нұртаспен дуэт жазатынын мәлімдеді

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Қайрат Нұртаспен дуэт жазуға дайындалып жатырмын. Иә, сенбей тұрмын.

Өмірде түрлі рөлдерде болдым: ана, жар, кәсіпкер. Өнеріммен бөлісетін шақ туды.

Сондықтан сіздердің қолдауларыңыз мен үшін қымбат. Қайрат Нұртас пен Мөлдір Мұқан дуэті қалай болады деп ойлайсыздар?

Жүректен шыққан әнді жүрекпен қабылдаңыздар”, - деп жазды Мөлдір Мұқан.