Оқиғаны өз мойынына алған "Талибан" қозғалысы астанаға 4 баскесерді осы мақсатта жібергендерін хабарлады. Алайда, куәгерлер шабуылға 12 адам қатысты деп мәлімдеген. 27 сәуір күні парадты атқылауды сондай-ақ, Гульбеддин Хекматияр жетекшілік жасайтын Ауғанстанның Ислам партиясының баскесерлері де өз мойындарына алды.
27 сәуір күні таңертең Кабул қаласында әскери парад баскесерлер тарапынан атқыланған болатын. Шабуыл нәтижесінде 3 адам қаза тапқан. Оның бірі парламент депутаты. Ел президенті Хамид Карзай зардап шеккен жоқ.