Кабулда болған жойқын жарылыс құрбандарының саны 100-ге жетті


Оқиға болған жерде іздестіру-құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр. Сондықтан опат болғандар мен жапа шеккендердің саны арта түсуі мүмкін. Еске сала кетейік, сәрсенбі күні таңертең Кабул қаласындағы дипломатиялық өкілдіктер мен президенттік сарай орналасқан ауданда күшті жарылыс болды. Лаңкестер жарылғыш затты цистернасы бар жүк көлігіне жасырған. Терактіні «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» мойнына алды.