Кабулда содырлар шабуыл жасаған қонақ ү­йде Қазақстан азаматы қайтыс болды


«Қаза тапқандардың арасында 1987 жылы туған Қазақстан азаматшасы да бар. Ол консулдық есепте тұрған болатын», - деп бейсенбі күні дипломатиялық ортадағы сенімді ақпарат көзі хабарлады.
Сәрсенбі күні Ауған астанасындағы Park Palace отеліне шабуыл жасалып, бес азамат қайтыс болды. Полиция кепілдікке алынған 45 адамды босатты.