Кабулда жанкешті аялдама жанында өзін жарып жіберді


Шахид белдігін байлаған жанкешті автобус жанына келіп өзін өзі жарып жіберген. Бұл осы аптадағы Ауғанстанның ұлттық әскери күшіне жасалып отырған екінші лаңкестік шабуыл. Сейсенбі күні ғана осындай жойқын жарылыстан 7 адамның өмірі қиылған болатын. Бұл жолғы лаңкестік әрекетті де «Талибан» ұйымы мойындарына алыпты. Содырлар мұны Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидің АҚШ-пен арадағы келісіміне жауап деген.