Бұл туралы арнайы брифингте ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, полковник Оқас Сапаров мəлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.+
«Осы жылғы көрмеде жаңа əскери технологияларға баса мəн беріледі. Əрі шара аясында алғаш рет қазақстандық өндірістің «Арлан» броньдалған машиналары мен «Барыс» броньды транспортеры көрсетіледі. Бұл ұрыс машиналары ҚР Қарулы Күштерінің мұқтаждығы үшін отандық кəсіпорында шығарылады», - деді ол.
Сонымен қатар, əскери көрмеде «Қазақстан инжиниринг» АҚ 20 кəсіпорын арқылы өз өнімдерін ұсынады.