Кадыров америкалық ережесіз жекпе-жек өкілдерін төбелеске шақырды

"Өлгенше төбелесеміз. Ерте ме кеш пе біз мықтылығымызды дәлелдейміз. Бұл кездесу кеші төрешілерді қажет етпейтін үлкен шоу болады" деді Кадыров.

Оның ойынша, шешендіктер шетелдік спортшыларға қарағанда ержүрек және рухты, себебі олар "жас кезінен соғыспен жақын таныс".

– Мен 15 жасымнан соғысып келем және соғыстың не екенін білемін. Мен мықты солдатпын және қолбасшымын. Маған төбелескен ұнайды. Соғыстағы өлім мен үшін үлкен абырой болар еді, - деді ол.

Америкалық ережесіз жекпе-жек ұйымы (UFC) Кадыровтың шақыртуын қабыл алмайтынын мәлімдеді. Кадыровтың сұхбаты 18 шілде HBO арнасынан көрсетілді.