Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Журналист бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Ойпырым-ай, мына Смағұлдың немересінің қаттылығын-ай? Өзі ұялмай ма екен мына ісіне?
Айдалада отырып мен ұялып кеттім.
Қай бетімен берді екен мына планшетті? Әлде, екі бетін жауып ұсынды ма екен? Айтпақшы, кеше Еуропада тұратын бір жігіт осыны айтты. «Жанымдағы еуропалық достарым күліп жатыр. Намыстанып кеттім» деп.
Осылай елге күлкі болғанынша, жай әшейін үшеу болып суретке түссе болады ғой. Міндетті түрде алақандай планшетті көрсету керек пе? Мақтаншылық па бұл? Астамшылық па?
Смағұловты қоя берші. Оған екі қойың бір сом, мына Боранбайдың Қайратына не көрінді? Осылай алақандай планшетті ұстатып қойып, талантты ұлымыз қақпашы Темірланның жанында суретке түсуге намыстанбады ма екен? Бүкіл әлем қарадомалақ ұлымызды ұлықтауда. Қазақстан мемлекетін 1 күнде танытып та жіберді (қаншама елдер біздің мемлекетті білмейді).
«Қайрат» 11 миллиард қомақты табыс тауыпты ғой. Бүкіл БАҚ шулап жатыр. Атсай #әкессс бір Геликті, Қайреке! Ел сізді жек көріп жүрген бұрынғы ісіңізден. Неге осындайда көрсетпейді екен мәрттігін?!", - деп жазды журналист.