«Кайрат» бразилиялық «Ботафогодан» басым түсті

Жаңа маусымға және клубтар чемпионатына дайындық барысында «Қайрат» Кабу-Фриуда бразилиялық «Ботафого» командасымен кездесу өткізді. Бірінші таймда есепті Диваней ашқан. Үзілістен кейін қарсыластар есепті теңестірді. Алайда Ранкальо қарсылас қақпасынан саңылау тауып,  «Қайратқа» жеңіс сыйлады.