Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Депутаттар арасынан әлі де болса кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрамын ажырата алмай жүргендер үшін, бұл «жас әрі халықтық» атанған құқық бұзушылықтардың айырмашылығы туралы болмақ", - деп жазды адвокат.
Сондай-ақ ол Telegram арнадан алынған мақаламен бөлісті.
2020 жылы Гаухар Мұса "аса ірі көлемде есірткі сатты" деп айыпталған еді. Сотта ол есірткі сатумен айналыспағанын, керісінше, әншілер Қайрат Нұртас пен Арғын Аусаровқа есірткі сатып алуға көмектескенін мәлімдеді. Осы мәлімдемеден кейін сот «сату» бабын «сақтау» бабына ауыстырып, қызды тек үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Мұндай шешім әншілерді түрмеден құтқару және айыпталушыны минималды мерзіммен шектеу үшін қабылданды деген негіз бар. Тергеу барысында қыздың айтқандары ашық түрде ескерусіз қалдырылды. Қазір, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бұл іске жаңа көзқараспен қарап, істі соңына дейін жеткізетін уақыты келген сияқты. Заң алдында барлығы тең болуы керек. Соттың шешімі мен жеке қаулысы пікірлерде тіркелген.
Ұсталған қыздың айтқандары бойынша тексеріс жүргізілмеген секілді.
Орыс тілінде жазылған Гауһар Мұсаның хатын (соттағы сөзі) қазақ тіліндегі аудармасын ұсынамыз:
"Мен өзімді ақтамаймын, синтетикалық есірткіні қолдану - күнә. Бірақ мен оны сатумен айналысқан жоқпын. Мен әншілер Қайрат Нұртас, Арғын Аусаров (Argonya), Амантай Әбенов (Абеке) өтінішімен олардың сатып алған есірткі "закладкаларын" алып немесе олардың ақшаларын сатушыларға жеткізіп жүрдім. Яғни, бұл әншілерге есірткі сатып алуға көмектестім, бірақ ешкімге сатпадым. Оларға тиіскендерін қаламаймын, бірақ мені бұған айыптаудың қажеті жоқ. Бұл жолы да солай болды: менен Арғын Аусаровтың (Argonya) атынан хабарласып, көмек сұрады. Мен көмектескен адам - Полиция департаментінің провокаторы болып шықты. Нашақорлықпен күрес басқармасының бастығын танымаймын, бірақ оған бағынышты адамдар маған келіп, Астана қаласы Полиция департаментінде әншілер туралы айтпауымды өтінді. Олар мені алдап, маған тек есірткі қолданды деп айып тағылады, түрмеге отырғызбайды деді. Ал егер сол әншілердің есімдерін атасам, іс созылып, қиындайтынын айтты. Қазір мені есірткі сатты деп соттап жатыр, енді мені ұзақ мерзім күтіп тұр.
Мен адвокатыма осы сөзімді жария етуге сенім артамын", - деп жазылған Гауһар Мұсаның хатында.