"Қайрат Нұртастың қызысың ғой, суретке түсейікші дегендермен түспеймін" - Алау Қайратқызы

Бұл туралы ол Tiktok желісінде оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп жатқан кезінде айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Жеке тұлға ретінде емес, Қайраттың қызы деп атаса сізге ұнамай ма?", - деген сұраққа әйгілі әншінің қызы былай деп жауап берді:

"Әрине, ұнамайды. Бала кезімде маған Қайрат Нұртастың қызы деген есім берген жоқ, маған Алау деген есім берді. Сосын "сен Қайрат Нұртасың қызысың ғой, суретке түсейікші" дегендермен суретке түспеймін. "