"Қайраттың да биоматериалы сақталған": Ләйлә Сұлтанқызы ЭКҰ арқылы балалы болғысы келетінін айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

БАҚ өкілі Zamandas подкастында қонақ болып, ЭКҰ арқылы сәби сүйгісі келетінін жасырмады. Алайда қос ұлы бұл әрекетіне екіұшты жауап берген. 

“Өткенде үлкен ұлым “Анашым, мен қыркүйекте кеткенде апатай немесе құрбыңызды шақырып алыңыз" дейді. Өткенде ақырын тамырын басып көрдім. Өзім екі жыл ЭКҰ-орталыққа барып жүрдім. Үлкен ұлым қазір, екінші ұлым да 2 жылдан соң кетеді. Ол да шетелде оқығысы келеді. Шын мәнінде жалғыз қалып қалсам, ЭКҰ-орталықта аналық жасуша сақталған. Солай балаларымды тексерейін деп, "бір қыз туып алсам" дедім. Екеуі де таңданып, "анашым, сіз таңғы 4-те тұра аласыз ба?" деді. Қарсылығын білдіре алмай, мүлде басқа жауап айтты. Солай қалжың аралас әңгіме айттым. "Әр қалжыңның астында шындық бар" дейді ғой. Бірақ балаларымның дайын емес екенін түсіндім", – деді журналист. 

Журналистің сөзінше, ұлдары қыз бала асырап алуға қарсы емес. Ләйлә Сұлтанқызыны өзі де ойланып, Нұрлан имамнан кеңес сұраған.

"Үлкен ұлым "бір қарындас асырап алайықшы, соның жолын біліңіз" дейді. Кейде бір қыз асырап туралы ойланамын, бірақ қорқамын. Содан Нұрлан имамға хабарластым. Ол кісі "асырап алсаң, бірнеше есе сауап жазылады" деді. Мені қолдады. ЭКҰ арқылы бала жасауға болады, Қайраттың биоматериалы да сақталған. Бір әкеден болғаны жақсы. Бірақ мен қаншалықты ана болуға дайынмын? Кіші балам 15-те. Екіншіден, ол баланы өсіруге шамам жете ме? Қазір 47-де болсам, 60 жасымда баламның жасы 10-нан асып тұрады. Алла жеткізеді дейді ғой, бірақ жүрегімде қорқыныш бар", – деп түйіндеді тележүргізуші.