Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне аудандық санитарлық эпидемиологиялық стансасының қызметкерлері мәлім етті.
СЭС қызметкерінің сөзіне қарағанда, бұл жолы "ұйқы ауруына" Калачидегі Степная көшесінің тұрғыны шалдығып отыр. Нақтырақ айтсақ, қазанның 3-і күні осында қонаққа келіп ұйықтап қалған 4 жасар Арыстан Жұмабековтің әжесі екен. Кеше өзін жайсыз сезінген ол дәрігерлердің көмегімен аудандық ауруханаға жеткізілген. Қазіргі кезде дәрігерлердің қарауында.