Калачи ауылының тұрғындарын көшіру басталды


Әзірге Қалашыда жарты жыл тұрған бір отбасына Целиноград ауданының Ақмол ауылынан пәтер берілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қаңтар айының соңына дейін тағы 40 отбасын Аршалы және тағы басқа аудандарға көшіру жоспарланған.
Қалашы мен Красногорск ауылының тұрғындары 2013 жылдың наурызынан бері «ұйқы ауруының» зардабын тартып келеді. Ол кезде басы айналып, жадынан айырылып, мең-зең күй кешкендердің саны 106 адам болатын. Жалпы, бүгінгі күнге дейін 126 науқас тіркелді.
Көптеген комиссиялар құрылып, зерттеулер жүргізілді. Алайда, белең алған індеттің шығу себептерін анықтау мүмкін болмады. Билік тұрғындарды 2015 жылы басқа жерге көшіруге уәде еткен болатын.